8 сағат бұрын

Қазақстан кубогы: «Тобыл» өз алаңында «Жеңістен» басым түсті

Қазақстан кубогы: «Тобыл» өз алаңында «Жеңістен» басым түсті

Фото: «Тобыл» футбол клубы

Бүгін, 25 маусымда футболдан Қазақстан кубогы жартылай финалындағы алғашқы ойында Қостанайдың «Тобылы» жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport12.kz. 

Қостанайлық клуб бұл жолы елордалық «Жеңіс» командасымен кездесті.

Алғашқы минуттан шабуылға лап қойған қостанайлық клуб жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеді. Дегенмен оған елордалық футболшылар тосқауыл қойып жатты. 

Ойынның 4-минутында «Жеңіс» қорғаушылары өрескел қателікке бой алдырды. Өзінің қақпашысына дос тастаған еді. Сол сәтте қақпашы оны сыртқа шығара алған жоқ. Бұл қателікті қостанайлық клубтан Александр Зуев шебер пайдаланып кетті. 

Ойынның 27-минутында «Жеңіс» сапынан Гонсалес Адильо таразы басын теңестірсе, Наурызбек Жагоров 73-минутта «Тобылға» жеңіс сыйлады. 

Осылайша қостанайлық клуб қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ бүгін Қазақстан кубогында «Қызылжар» мен «Ордабасы» тең ойнады.

Қазақстан кубогы: «Тобыл» өз алаңында «Жеңістен» басым түсті

Футбол 8 сағат бұрын

Қазақстан кубогы: «Тобыл» өз алаңында «Жеңістен» басым түсті

«Ұлытау» төрт футболшымен қош айтысты

Футбол 9 сағат бұрын

«Ұлытау» төрт футболшымен қош айтысты

Астанада өтетін Әлем кубогында 30 мемлекеттің боксшылары бақ сынайды

Футбол 13 сағат бұрын

Астанада өтетін Әлем кубогында 30 мемлекеттің боксшылары бақ сынайды

«Тұран» қазақстандық үш ойыншымен келісімшартты бұзды

Футбол 14 сағат бұрын

«Тұран» қазақстандық үш ойыншымен келісімшартты бұзды

«Жеңіс» сапына португалиялық шабуылшы қосылды

Футбол 14 сағат бұрын

«Жеңіс» сапына португалиялық шабуылшы қосылды

Халықаралық рейтингте Әбиба Әбужақынова екінші орынға көтерілді

Дзюдо 14 сағат бұрын

Халықаралық рейтингте Әбиба Әбужақынова екінші орынға көтерілді