25.06.2025

Астанада өтетін Әлем кубогында 30 мемлекеттің боксшылары бақ сынайды

Астанада өтетін Әлем кубогында 30 мемлекеттің боксшылары бақ сынайды

Коллаж: Қазақстан бокс федерациясы

Астанада өтетін бокстан Әлем кубогында 30 мемлекеттің боксшылар бақ сынайды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде Қазақстан бокс федерациясы мәлім етті. 

Әлем кубогына 30 елден 300-ге жуық боксшы қатысады. Бұл - Олимпиадалық WORLD BOXING ұйымының Қазақстандағы алғашқы жарысы болып отыр. Әлем кубогы жыл бойына бірнеше кезеңмен өткізіледі. Рейтингілік сайыста әр салмақ дәрежесінде жеңімпазға 300, екінші орынға 200, қос қола жүлдегерге 150 ұпайдан беріледі.

Дүбірлі дода 30 маусым-6 шілде аралығында елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Онда ерлер және әйелдер құрамалары жүлделерді сарапқа салады.

World Boxing турнирі үш кезеңнен тұрады. Сәуір айында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өткен бокстан әлем кубогында Дәулет Төлемісов (85 келі), Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі), Жазира Орақбаева (51 келі) чемпион атанды. 

Ал Ұлжан Сәрсенбек (57 келі), Диас Молжігітов (75 келі), Даниял Сапарбай (90 келіден жоғары) қола жүлдеге қол созды.

Үшінші кезең 21-27 шілде аралығында өтеді. Әзірге оның қайда өтетіні белгілі болған жоқ.


 


Талғат Жайлауов «Номад» командасының бас бапкері болды

Хоккей 6 сағат бұрын

Талғат Жайлауов «Номад» командасының бас бапкері болды

Николай Солодовников «Ұлытау» сапынан кетті

Футбол 7 сағат бұрын

Николай Солодовников «Ұлытау» сапынан кетті

Дритон Цамай – «Астана» ойыншысы

Футбол 7 сағат бұрын

Дритон Цамай – «Астана» ойыншысы

Ресейлік қақпашы «Тұран» сапын толықтырды

Футбол 7 сағат бұрын

Ресейлік қақпашы «Тұран» сапын толықтырды

Нұрсұлтан Құрман - Қазақстан футзал қауымдастығының жаңа президенті

Футбол 8 сағат бұрын

Нұрсұлтан Құрман - Қазақстан футзал қауымдастығының жаңа президенті

Абылайхан Жүсіпов ұлттық құрамаға кім шақырғанын айтты

Бокс 9 сағат бұрын

Абылайхан Жүсіпов ұлттық құрамаға кім шақырғанын айтты