5 сағат бұрын
Ілияс Әмірсейітов «Қайсардың» құрамын толықтыруы мүмкін

Фото: «Хан тәңірі» футбол клубы
Қазақстандық футболшы Ілияс Әмірсейітов қызылордалық «Қайсар» құрамын толықтыруы мүмкін, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қорғаушы «Қайсардың» өз алаңындағы семейлік «Елімаймен» кездесуінде байқалды.
Бұл жөнінде қызылордалық клубтың бас бапкері Виктор Кумыков баспасөз мәслихатында түсініктеме берді.
- Қазіргі трансферлік кезеңде жаңа футболшылар қарастырып жатырмыз. Ілиястың қаралымға келгенін жоққа шығара алмаймын. Сондай-ақ біздің қатарымызға жартылай қорғаушы Әліби Тұзақбаев қосылды, - деді ол.
Ілияс Әмірсейітов қызылордалық клуб сапында 2017-2021 жылдар аралығында ойнап кеткен еді.
