9 сағат бұрын
«Астананың» жаңа футболшысы ең қымбат ТОП-3 ойыншының қатарына кірді

Босниялық жартылай қорғаушы, «Астана» клубының ойыншысы Иван Башич Transfermarkt.de сайтының нұсқасы бойынша Қазақстан Премьер-Лигасындағы ең қымбат үш футболшының қатарына кірді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Transfermarkt мәліметінше, «Астананың» жаңа ойыншысы 1,2 миллион еуроға бағаланып отыр. Дәл осындай баға «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Валерий Громыкоға да берілген. Ал Қазақстан чемпионатының ең қымбат ойыншысы — «Қайраттың» 16 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев. Оның нарықтық құны - 1,8 миллион еуро.
23 жастағы Иван Башич кәсіби мансабында босниялық «Зриньски» және ресейлік «Оренбург» клубында доп тепкен. 2023 жылдан бастап Босния және Герцеговина ұлттық құрамасында өнер көрсетіп келеді.
