11 сағат бұрын
Гиорги Никабадзе «Атырауда» қалмайтын болды

Фото: «Атырау» футбол клубы
Грузиялық 34 жастағы шабуылшы Гиорги Никабадзе «Атырауда» қалмайды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Естеріңізде болса, Никабадзе Түркиядағы жиын аясындағы бақылау матчтарының бірінде ауыр жарақат алғандықтан оны қорытынды ұсынымға енгізбеу туралы шешім қабылданған еді.
Сол уақыттан бері Гиорги жарақатынан емделді. Қазіргі таңда клуб пен ойыншы өзара келісім аясында уағдаластықты доғару туралы шешім қабылдады.
