6 сағат бұрын
Белгілі киберспортшы “Қайсардың” намысын қорғайды

Фото: “Қайсар” футбол клубы
“Қайсар” футбол клубы еліміздегі киберспорттың даму динамикасына оң өзгерістер алып келу мақсатында командалар арасында тұңғыш рет киберспортшымен келісім шартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстанның 6 дүркін жеңімпазы Нұрбақыт Мирғали ел чемпионаттары мен халықаралық жарыстарда қызылордалық “Қайсардың” намысын қорғайды. Азияның мықты майталманы атанған Нұрбақытқа алдағы жарыстарда жанкүйер болуға шақырамыз!
Айта кетейік, Нұрбақыт жуырда Сауд Арабияда өтетін әлем біріншілігінде бақ сынайды.
