Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

04.07.2025

Бүгін ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты басталады

Бүгін ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты басталады

Фото: Қазақстан ҰОК

Бүгін ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты басталады, деп хабарлайды Sport12.kz.  

Құрлықтық додаға 27 мемлекеттен 450-ден астам ауыр атлет қатысады жоспарланып отыр.

Жүлделер U17 және U20 жас санаттары бойынша сарапқа салынады.

Ал Қазақстан құрамасы жарысты ұйымдастырушы ел ретінде толық құраммен жүлде үшін бақ сынайды. Ел құрамасы сапында 30 ауыр атлет бар. Олардың арасында 2024 жылғы Дохадағы (Қатар) Азия чемпионатының және жақында өткен әлем біріншілігінің жүлдегерлері де жарыс жолына шығады.

Құрама сапы 50 пайызға өзгерген. Азия чемпионаты олар үшін алғашқы халықаралық жарыс болмақ.

Айта кетсек, жарыс Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтеді.

Құрлықтық додаға арналған оқу-жаттығу жиындары Алматы облысында өтті. Жалпы наурыз айынан бері 6 дайындық жұмысы жүргізілді. 




Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан