8 сағат бұрын

Футболдан клубтар арасындағы ӘЧ: «Челси» жартылай финалға шыға ала ма

Футболдан клубтар арасындағы ӘЧ: «Челси» жартылай финалға шыға ала ма

Фото: championat.com

Футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатында бүгін 1/4 финалда екі ойын өткізіледі, деп хабарлайды Sport12.kz.  

Алдымен 4 шілде 23:50-де «Флуминенсе» (Бразилия) мен «Аль-Хиляль» (Сауд Арабиясы) командалары кездеседі.

Ал 5 шілдеде 06:00-де «Палмейрас» (Бразилия) мен «Челси»  (Англия) шеберлік байқасады.

Сондай-ақ 5 шілдеде 21:00-де «Пари Сен-Жермен» (Франция) мен «Бавария» (Германия), 00:50-де «Реал Мадрид» (Испания) мен «Боруссия Дортмунд» (Германия) кездеседі.

Әлем мемпионатының жүлде қоры 1 миллиард АҚШ долларын құрайды. Аталған турнирде чемпион болған команда 125 миллионды иеленеді. Қалған қаражатты қатысушы 31 клуб алған орындарына байланысты бөліседі.

Доп додасында 32 команда сынға түседі. 

Opta суперкомпьютері 2025 жылғы әлем чемпионатында қай команданың жеңімпаз атануы жөнінде болжам жасады.

Қатысушылардың турнирде жеңіске жету мүмкіндігін нақты есептеуді қалыптастыру үшін Opta 10 мың деректі орындауға мәжбүр болды. Аталған болжамға сәйкес чемпионаттың басты фавориті ретінде Францияның «Пари Сен-Жермен» командасының мүмкіндігі 18,5% пайызға бағаланады.


 

Әлем чемпионаты 2025 жылдың 15 маусымы мен 13 шілдесі аралығында АҚШ-та өтіп жатыр.

Астанада ауыр атлетикадан жастар арасында Азия чемпионаты басталды

Басқа 14 минут бұрын

Астанада ауыр атлетикадан жастар арасында Азия чемпионаты басталды

«Атырау» Ақтөбеге автобуспен баратын болды

Футбол 1 сағат бұрын

«Атырау» Ақтөбеге автобуспен баратын болды

Қайрат Нұрдәулетов - «Оқжетпес» клубының жаңа бас бапкері

Футбол 4 сағат бұрын

Қайрат Нұрдәулетов - «Оқжетпес» клубының жаңа бас бапкері

Бүгін ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты басталады

Басқа 6 сағат бұрын

Бүгін ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты басталады

ҚПЛ: 15-тур ойындарын қайдан көруге болады

Футбол 7 сағат бұрын

ҚПЛ: 15-тур ойындарын қайдан көруге болады

Футболдан клубтар арасындағы ӘЧ: «Челси» жартылай финалға шыға ала ма

Футбол 8 сағат бұрын

Футболдан клубтар арасындағы ӘЧ: «Челси» жартылай финалға шыға ала ма