21 сағат бұрын
«Жеңіс» пен «Жетісу» матчы Павлодарда өтеді

Фото: «Жеңіс» футбол клубы
Қазақстан Премьер-лигасының 16-туры аясындағы «Жеңіс» пен «Жетісу» матчының өтетін күні мен орнының ауыстырылды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде «Жеңіс» командасының баспасөз қызметі мәлім етті.
Матч 13 шілде күні Павлодар қаласындағы «Орталық» стадионында өтеді. Ойын 18:00-де басталады, кіру тегін.
Матч «Астана Арена» стадионында «ALEM FEST» фестивалінің өтуіне байланысты ауыстырылды. Бұған дейін командалар арасындағы матч 12 шілде күні сағат 18:00-де Астана қаласында өтуі тиіс болатын.
