21 сағат бұрын
“Ақтөбе” Дархан Бердібекті жыл соңына дейін “Жеңіске” жалға берді

Фото: “Ақтөбе” футбол клубы
“Ақтөбе” футбол клубы жартылай қорғаушы Дархан Бердібекті жыл соңына дейін “Жеңіс” командасына жалға берді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ойыншы өткен маусымда “ақ-қызылдардың” қатарын толықтырған еді. Негізгі команда сапында 5 ойынға қатысып, 2 мәрте гол соқты.
- Дархан жыл соңына дейін жаңа команда сапында мол тәжірибе жинайды деген сенімдеміз, - деп жазылған хабарламада.
