1 күн бұрын

Чемпиондар лигасы: «Слован» мен «Қайрат» кездесуіне төрешілер белгіленді

Чемпиондар лигасы: «Слован» мен «Қайрат» кездесуіне төрешілер белгіленді

Фото: «Қайрат» футбол клубы

UEFA Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңіндегі қазақстандық «Қайраттың» сырт алаңдағы Словакияның «Слован» командасымен кездесуінде қай елдің төрешілері қызмет атқаратыны белгілі болды.

Бұл матчта Франциядан келген Бенуа Бастьенге бас төреші міндеті жүктелген. Оған отандастары Хишам Закрани мен Орельен Бертомье көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі Томас Леонард. 

Кездесу 12 тамыздан 13-не қараған түні қазақстандық уақытпен сағат 23:05-те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетсек, екі команда арасындағы алғашқы кездесуде «Қайрат» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті. Жалғыз голды 90-минутта алматылық клубтан Дастан Сәтпаев пенальтиден соқты.

Егер «Қайрат» командасының футболдан UEFA Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңінен іркілмей өткен жағдайда плей-офф кезеңінде шотландиялық «Селтик» командасымен ойнайды.

Ал Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне түскен жағдайда швейцариялық «Янг Бойз» клубымен шеберлік байқасуы мүмкін.

Алматылық футболшылар бірінші және екінші іріктеу кезеңінде Словенияның «Олимпия» (1:1, 2:0), Финляндияның КуПС клубтарын (0:2, 3:0) қапы қалдырып кетті.

Ал словакиялық клуб екінші іріктеу кезеңінде Босния және Герцоговинаның «Зриньски» командасын (4:0, 2:2) жеңді.


Софья Самоделкина өзінің жеке рекордын жаңартты

Басқа 10 минут бұрын

Софья Самоделкина өзінің жеке рекордын жаңартты

Дүниежүзілік ойындарда джиу-джитсудан Сейілхан Болатбек қола медаль алды

Басқа 14 минут бұрын

Дүниежүзілік ойындарда джиу-джитсудан Сейілхан Болатбек қола медаль алды

Демеу Жадыраев Германиядағы турнирде топ жарды 

Күрес 31 минут бұрын

Демеу Жадыраев Германиядағы турнирде топ жарды 

World Boxing: Азия чемпионатында 22 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы 9 медаль алды

Бокс 36 минут бұрын

World Boxing: Азия чемпионатында 22 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы 9 медаль алды

Сейілхан Болатбек - XII Дүниежүзілік ойындарының қола жүлдегері

Басқа 6 сағат бұрын

Сейілхан Болатбек - XII Дүниежүзілік ойындарының қола жүлдегері

World Boxing: Азия чемпионатында бүгін 22 жасқа дейінгі боксшылар сайысқа түседі

Бокс 9 сағат бұрын

World Boxing: Азия чемпионатында бүгін 22 жасқа дейінгі боксшылар сайысқа түседі