22.09.2025
«Алтын доп» қанша тұрады?
Бүгін футболдан Астана уақыты бойынша 23:00-де «Алтын доп» номинациясының кезекті иегері белгілі болады, деп хабарлайды Sport12.kz
«Алтын доп» - футболдағы ең беделді жеке марапат. Аталмыш жүлде 1956 жылдан бері беделді француздық France Football журналы тарапынан табысталып келеді. Рәсімге бірнеше ай қалғанда, ұйымдастырушылар 30 үміткердің тізімін жасайды. Содан кейін дауыс беру нәтижесі бойынша жеңімпаз анықталады.
«Алтын допты» табыстау рәсімі қашан және қайда өтеді
Дәстүр бойынша марапаттау рәсімі Париждегі «Шатле» театрында өтеді. Шараның басталуы Қазақстан уақытымен 23:00-ге жоспарланған. Тікелей эфирді Sport12.kz сайтының телеграм арнасынан тегін тамашалауға болады.
«Алтын допты» ең көп жеңген кім?
Әлем футболында 2008-2021 жылдар аралығында Лионель Месси (8 рет) мен Криштиану Роналду (5 рет) үстемдік құрып, «Алтын доптың» тарихын жаңартып тастады. Одан бөлек, әлемдік марапатты Йохан Кройф (1971, 1973, 1974), Мишель Платини (1983, 1984, 1985), Марко ван Бастен (1988, 1989, 1992) үш реттен ұтып алды.
Ең көп «Алтын доп» ұтып алған клубтарға келетін болсақ, 12 реттен ойыншысы биік тұғырдан көрінген «Барселона» мен «Реал Мадрид» тұр. 8 рет «Ювентус», 7 рет «Милан», 5 рет «Бавария» клубының ойыншылары үздік шықты.
«Алтын доптың» құны қанша?
«Алтын доптың» салмағы 12 келіні құрайды. Ал құны шамамен 500 мың еуроға бағаланады. Футболшылардың арасында бұл «Алтын допты» сатқан жайттар да бар. Мысалы, Криштиану Роналду қайырымдылық аукционында өз марапатын Израильдің бай-бағланына 600 мың еуроға өткізген.
«Алтын допқа» үміткерлер
Джуд Беллингем (Англия, «Реал»)
Усман Дембеле (Франция, «Пари Сен-Жермен»)
Джанлуиджи Доннарумма (Италия, «Пари Сен-Жермен»/«Манчестер Сити»)
Дезире Дуэ (Франция, «Пари Сен-Жермен»)
Дензел Дюмфрис (Нидерланд, «Интер»)
Серу Гирасси (Гвинея, «Боруссия» Дортмунд)
Виктор Дьёкереш (Швеция, «Спортинг»/«Арсенал»)
Эрлинг Холанн (Норвегия, «Манчестер Сити»)
Ашраф Хакими (Марокко, «Пари Сен-Жермен»)
Харри Кейн (Англия, «Бавария»)
Хвича Кварацхелия (Грузия, «Наполи»/«Пари Сен-Жермен»)
Роберт Левандовски (Польша, «Барселона»)
Алексис Мак Аллистер (Аргентина, «Ливерпуль»)
Лаутаро Мартинес (Аргентина, «Интер»)
Килиан Мбаппе (Франция, «Реал»)
Скотт Мактоминай (Шотландия, «Наполи»)
Нуну Мендеш (Португалия, «Пари Сен-Жермен»)
Жоау Невеш (Португалия, «Пари Сен-Жермен»)
Майкл Олисе (Франция, «Бавария»)
Коул Палмер (Англия, «Челси»)
Педри (Испания, «Барселона»)
Рафинья Диас (Бразилия, «Барселона»)
Деклан Райс (Англия, «Арсенал»)
Фабиан Руис (Испания, «Пари Сен-Жермен»)
Мохаммед Салах (Египет, «Ливерпуль»)
Вирджил ван Дейк (Нидерланд, «Ливерпуль»)
Винисиус Жуниор (Бразилия, «Реал»)
Витинья (Португалия, «Пари Сен-Жермен»)
Флориан Вирц (Германия, «Байер»/«Ливерпуль»)
Ламин Ямаль (Испания, «Барселона»)
Бұл тізімде «Пари Сен-Жермен» клубының ең көп тоғыз футболшысы кірді. Олар өткен маусымда ішкі чемпионаттан бөлек, Чемпиондар лигасы, УЕФА Суперкубогын жеңіп алды.
Басты фаворит кім?
Дәл қазіргі сәтте нақты фаворитті айту қиын. Көпшілік «ПСЖ» футболшысы Усман Дембеле алуы мүмкін дейді. Өйткені ол өткен маусымда клубтың үздік сұрмергені атанып, барлық дерлік титулдарды иеленді. Бұл клубтан Витинья, Ашраф Хакими де жүлдеден үмітті. «Барселона» футболшылары Ламинь Ямаль мен Рафиньяны да елеп өту мүмкін емес. «Ливерпуль» шабуылшысы Мохамед Салах та «Ливерпульдегі» ең үздік маусымдарын өткізді.
Усман Дембеле («ПСЖ») – 35 гол, 16 нәтижелі пас
Рафинья («Барселона») – 34 гол, 25 нәтижелі пас
Ламин Ямаль («Барселона») – 18 гол, 25 нәтижелі пас
Мохамед Салах («Ливерпуль») - 34 гол, 23 нәтижелі пас
Тағы қандай марапаттар болады?
«Алтын доп» номинациясынан бөлек, ерлер мен әйелдер арасында «жылдың ең үздік жас футболшысы», «жылдың ең үздік қақпашысы», «жылдың ең үздік бапкері», «жылдың ең үздік клубы» иегерлері де анықталады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов