4 сағат бұрын

Каннаваро Өзбекстан құрамасы бас бапкері қызметінде алғаш рет жеңілді

Каннаваро Өзбекстан құрамасы бас бапкері қызметінде алғаш рет жеңілді

Фото: dzen.ru

Бүгін Өзбекстан футбол құрамасы Уругвайға қарсы жолдастық кездесуде Уругвайдан 1:2 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Уругвай құраамсының бас бапкері Марсело Бьелса бұл ойынға Нуньес, Бентанкур, Угарте, Вальверде, Араухо секілді мықтыларын әкелмеді. Ал өзбекстандық құраманың бас бапкері Фабио Каннаваро жаңа қызметінде алғаш рет жеңілістің ащы дәмін татты. Оған дейін құрама Кувейтті 2:0 есебімен жеңген еді.

Белгілі бапкер құрамаға 2026 жылғы әлем чемпионаты финалдық кезеңінде жетекшілік етеді. Өзбекстандық футболшылар өз тарихында алғаш рет дүниежүзілік додаға жолдама алған болатын.

Фабио Каннаваро 1973 жылы дүниеге келген. Спорттық мансабында Италияның «Наполи», «Парма», «Интер», «Ювентус», Испанияның «Реал Мадрид», Біріккен Араб Әмірлігінің «Аль-Ахли» клубтарында доп тепкен. 

2013 жылы БАӘ-нің «Аль-Ахли» бас бапкердің көмекші болса, одан кейін Қытайдың «Гунчжоу Эвергранд», «Тяньцзинь Цюаньцзянь», «Гуанчжоу» және футболдан Қытай құрамасының, Сауд Арабиясындағы «Әл-Наср», Италиядағы «Беневенто», «Удинезе», Хорватиядағы «Динамо Загреб» клубтарының тізгінін ұстады.




Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Қазақстан құрамасы Солтүстік Македониямен тең ойнады

Футбол 1 сағат бұрын

Қазақстан құрамасы Солтүстік Македониямен тең ойнады

Дінмұхамед Қараман Қазақстан құрамасын Солтүстік Македониямен кездесуде алға шығарды

Футбол 2 сағат бұрын

Дінмұхамед Қараман Қазақстан құрамасын Солтүстік Македониямен кездесуде алға шығарды

Солтүстік Македония - Қазақстан бірінші кезеңнен тең ойнап жатыр

Футбол 2 сағат бұрын

Солтүстік Македония - Қазақстан бірінші кезеңнен тең ойнап жатыр

Кабо-Верде футболдан әлем чемпионаты финалдық кезеңіне шықты

Футбол 3 сағат бұрын

Кабо-Верде футболдан әлем чемпионаты финалдық кезеңіне шықты

Рахметжан Хамаев пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында қола алды

Футбол 3 сағат бұрын

Рахметжан Хамаев пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында қола алды

Семейде бокстан Қазақстан чемпионаты өтеді

Бокс 4 сағат бұрын

Семейде бокстан Қазақстан чемпионаты өтеді