4 сағат бұрын
Футболдан Қазақстан құрамасы Солтүстік Македониямен кездесуінде көк жейдемен ойнайды

Фото: ҚФФ
Футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінде Солтүстік Македониямен кездесуінде көк жейдемен ойнайтын болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде ұлттық құраманың баспасөз қызметі мәлім етті.
Бұл ойында бас төреші міндетін испаниялық Хуан Мартинес атқарса, оған отандастары Диего Барберо мен Иван Массо көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі Алехандро Муньис Руис.
Кездесу 13 қазанда Қазақстан уақтымен сағат 23:45-те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Отандастарымыз қазірге дейін Бельгия (0:6), Солтүстік Македония (0:1) және екі мәрте Уэльс (1:3, 0:1) құрамасынан жеңіліп, Лихтенштейннен екі мәрте (2:0, 4:0) басым түсті.
Ал Солтүстік Македония екі мәрте Лихтенштейнді (3:0, 5:0) жеңсе, Бельгиямен екі рет (1:1, 0:0), Уэльспен (1:1) тең ойнады.
Қарсыластар қазірге дейін екі мәрте кездесті. Екеуінде де македониялық футболшылар жеңіске жетті.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
