3 сағат бұрын
Кабо-Верде футболдан әлем чемпионаты финалдық кезеңіне шықты

Фото: euro-football.ru
Футболдан Кабо-Верде құрамасы өз тарихында тұңғыш рет әлем чемпионаты финалдық кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кабо-Верде D тобында сынға түсті. Олар 10 ойынның 7-де жеңіп, 2-де түссе, 1-де жеңілістің ащы дәмін татты. Нәтижесінде 23 ұпай жинап, өз тобында Камерунды артты қалдырып, бірінші орынмен тікелей әлем чемпионаты финалдық кезеңіне шықты. Осылайша олар дүбірлі додаға баратын 22 құрама атанды.
Қазірге дейін әлем чемпионатына АҚШ, Канада, Мексикадан өзге Оңтүстік Америкадан Аргентина, Бразилия, Эквадор, Уругвай, Колумбия, Парагвай, Азиядан Жапония, Иран, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Иордания, Аустралия, Африкадан Египет, Гана, Алжир, Марокко мен Тунис, мұхит аймағынан Жаңа Зеландия қатысатыны белгілі болды.
Солтүстік Америка мен Еуропадан ешқандай құрама шыққан жоқ.
Әлем чемпионаты тарихында тұңғыш рет финалдық кезеңде 48 құрама сынға түседі.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
