4 сағат бұрын
Дінмұхамед Қараман Қазақстан құрамасын Солтүстік Македониямен кездесуде алға шығарды

Футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінде Солтүстік Македониямен кездесуінде алғашқы болып гол соқты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ. Екінші кезеңде македониялық футболшылардың белсенділігі байқалды. Оған отандастарымыз лайықты тойтарыс бере білді. Қарсы шабуылдарға шығып, гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Ойынның 54-минутында Дінмұхамед Қараман өз құрамасын алға шығарды. Әзірге қазақстандық футболшылар 1:0 есебімен басым түсіп жатыр.
Отандастарымыз қазірге дейін Бельгия (0:6), Солтүстік Македония (0:1) және екі мәрте Уэльс (1:3, 0:1) құрамасынан жеңіліп, Лихтенштейннен екі мәрте (2:0, 4:0) басым түсті.
Ал Солтүстік Македония екі мәрте Лихтенштейнді (3:0, 5:0) жеңсе, Бельгиямен екі рет (1:1, 0:0), Уэльспен (1:1) тең ойнады.
Қарсыластар қазірге дейін екі мәрте кездесті. Екеуінде де македониялық футболшылар жеңіске жетті.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
