2 күн бұрын

Андрей Карпович «Елімай» футбол клубының акционері болды

Андрей Карпович «Елімай» футбол клубының акционері болды

Фото: «Елімай» футбол клубы

«Елімай» футбол клубы акционерлік қоғамға айналды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында «Елімай» футбол клубы елімізде алғашқы болып трансформациядан өтіп, ашықтық, айқындық және жанкүйерлердің қатысуы қағидаттарына негізделген жаңа форматтағы акционерлік қоғамға айналды.

Қазіргі таңда клубтың акциялары шығарылып, әрбір адам жанкүйер футболдың тарихи отанында оның дамуына үлес қоса отырып, клубтың тең иегері бола алады.

«Елімай» акцияларына қоғам қайраткерлері, белгілі спортшылар мен танымал тұлғалар қызығушылық танытып отыр. Акционерлердің арасында жанкүйерлік қозғалыстың ардагері Саясат Сәрсенбинов, клубтың бас бапкері Андрей Карпович, «Жылдың lifestyle және TikTok блогері» атағына ие болған Лаура Еркебұлан және басқа да танымал жандар бар.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас