01.11.2025
«Қайрат» 2026 жылы UEFA Чемпиондар лигасында қандай қарсыластармен ойнайды?
Фото: «Қайрат» футбол клубы
«Қайрат» 2026 жылы UEFA Чемпиондар лигасының алғашқы айналымында қандай қарсыластарымен ойнайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Алдағы маусымда олар еленген (сеяный) команда болады. Нәтижесінде оларға «Шериф», «Целе» сияқты мықты қарсыластар жолықпайды. Қарсылас ретінде салыстырмалы түрде әлсіз команда түсуі мүмкін. Яғни, олардың қатарында Беларусь, Мальта немесе Люксембург клубтары бар.
Айта кетсек, биыл «Қайрат» аталған турнирдің негізгі кезеңіне дейін жетті.
Алматылық клуб беделді турнирде «Реал Мадрид» (Испания), «Интер» (Италия), «Арсенал» (Англия), «Брюгге» (Бельгия), «Спортинг» (Португалия), «Олимпиакос» (Грекия), «Пафос» (Кипр), «Копенгаген» (Дания) клубтарымен ойнайды.
Қазірге дейін «Реал Мадрид» (0:5) пен «Спортингтен» (1:4) жеңіліп қалса, «Пафоспен» (1:1) тең тарқасты.
Енді олар 5 қарашада Италияда «Интермен» кездеседі
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас