Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Футболға болжам үшін iPad A16 ал. Өту
Olimpbet Видеореп

01.11.2025

Виктор Кумыков қай клубта қызметін жалғастырады?

Виктор Кумыков қай клубта қызметін жалғастырады?

Фото: «Қайсар» футбол клубы

Ресейлік бапкер Виктор Кумыковтың қызметіне қызығушылық танытып отырған клубтар белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz. 

Биыл қызылордалық «Қайсар» клубының Премьер-лигадағы орнын сақтап қалған тәжірибелі маман алдағы маусымда басқа клубқа ауысатыны жөнінде әңгімелер айтылуда. Олардың қатарында «Каспий», «Оқжетпес» және «Ертіс» бар.

Ол қызылордалық клубта 2023 жылдан бері жұмыс жасап келеді. 2023 жылы - 6, 2024 жылы - 8 орын алды.

Одан бұрын Виктор Кумыков аталған командада 2003-2004 жылдарда қызмет атқарды. 

Сондай-ақ ресейлік маман қарағандылық «Шахтер» командасындағы қызметімен жанкүйерлерге жақсы танымал. Оның басшылығымен «Шахтер» 2011 және 2012 жылдары Қазақстан чемпионы атанса, 2013 жылы Қазақстан Суперкубогын, 2013 жылы Қазақстан Кубогын жеңіп алған. Сондай-ақ, бұл бапкермен қарағандылық команда Қазақстанның футбол тарихында тұңғыш рет Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шыққан. 

Сонымен қатар, ол «Спартак» Нальчик (Ресей), «Елімай» (Қазақстан), «Машал» (Өзбекстан), «Насаф» (Өзбекстан), «Шахтер» (Қазақстан), «Ордабасы» (Қазақстан), «Алмалык» (Өзбекстан), «Атырау» (Қазақстан) командаларында бас жаттықтырушы болып жұмыс істеген. 


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас