01.11.2025
Криштиану Роналду өз мансабындағы 951-ші голын соқты
Фото: zamin.uz
Португалиялық Криштиану Роналду өз мансабындағы 951-ші голын соқты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жолы Сауд Арабиясының «Аль-Наср» командасы сапында «Аль-Фейха» қақпасын дәл көздеді.
Криштиану Роналду қазір Саукд Арабиясының «Аль-Наср» кәсіпқой футбол клубында 2023 жылдан бері ойын көрсетіп келеді.
Оған дейін «Манчестер Юнайтед», «Реал Мадрид» және «Ювентус» клубтарының намысын қорғады. Шабуылшы 2008, 2013, 2014, 2016 және 2017 жылдарда «Алтын доп» иегері атанды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас