Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Футболға болжам үшін iPad A16 ал. Өту
Olimpbet Видеореп

01.11.2025

Freedom QJ League-тің 2025 жылғы үздіктері анықталды

Freedom QJ League-тің 2025 жылғы үздіктері анықталды

Фото: Qjl.kz

Бүгін, 1 қараша күні Freedom QJ League-тің жыл сайынғы марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Үшінші рет өткен шара барысында маусымды қорытындылап, үздік ойыншылар мен ең жарқын сәттерді атап өтіп, көптен күткен жүлде табысталды.

2025 жылғы маусым қорытындысы бойынша үздік жетекші атағы «Қайрат» командасының координаторы Кирилл Кекерге берілді. Ол QJL Awards салтанатында марапатталды.

Ал маусым қорытындысы бойынша ең үздік бомбардирге берілетін Евстафий Пехлеваниди премиясы «Қайрат» командасының шабуылшысы Дәулет Орынбасарға табысталды. 

Дәулет Орынбасар 20 матчта 20 гол соқты. Өткен жылы ол U17 турнирінің ең үздік ойыншысы болып, «Алтын бутсы» марапатына ие болған еді.

2025 жылғы маусым қорытындысы бойынша үздік сейв жасаған қақпашы атағы «Жас Қыран» командасының қақпашысы Махмуджан Сунгатуллинге берілді. 

Freedom QJ League маусымының қорытындысы бойынша үздік қақпашыға арналған Александр Убыкин премиясы атындағы жүлде «Ертіс» командасының қақпашысы Мадияр Төлеубекке табысталды. Ол салтанатты түрде жыл сайын өтетін QJL Awards рәсімінде марапатталды. Маусым барысында Мадияр 18 матч өткізіп, соның бесеуінде өз қақпасын голсыз сақтады. Жалпы алғанда ол 31 гол жіберіп, 77 рет сейв жасады.

2023 жылы бұл марапаттың иегері «Ақтөбе» командасынан Саятхан Құсайынов болса, өткен маусымда оны «Шахтёр» клубынан Ян Лалов иеленген еді.

2025 жылдағы маусымның қорытындысы бойынша қорғаныста көрсеткен шеберлігі үшін берілетін жүлдеге «Кайрат» командасының ойыншысы Әкежан Каликулов лайық деп танылды. Ол марапатты QJL Awards салтанатында алды. Әкежан 12 матчта ойнап, 1 гол соқты, және голға алып келген 3 пас берді. Сонымен қатар, ол 429 рет берілген пастың 325-ін дұрыс орындап (76% дәлдік), 298 рет қорғау барысындағы тартыста 172-ін жеңіп (58%), 125 рет допты қарсыластан ұтып алып, 39 рет тартып алды.

2023 жылы бұл марапат «Жас Қыран» командасынан Руслан Захаровқа берілсе, өткен маусымда оны «Қайрат» футбол командасынан Әмірбек Базарбаев иеленді.

2025 жылғы маусым қорытындысы бойынша үздік дәрігер атағы «Ордабасы» командасының дәрігері Алишер Артиковке берілді. 

Сондай-ақ үздік психолог атағы «Ақтөбе» командасынан Дана Қульмановаға, үздік менеджер атағы «Тобыл» командасының маманы Виктор Кашаринге, үздік инспектор атағы Атыраулық Анатолий Ходинге, үздік төреші атағы көкшетаулық Даниил Полянскийге берілді. 




Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас