02.11.2025
Рафаэль Уразбахтин «Қайратта» қызметін жалғастырады
Фото: «Қайрат» футбол клубы
Қазақстандық маман Рафаэль Уразбахтин «Қайрат» командасы бас бапкері қызметін жалғастырады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде алматылық клубтың құрылтайшысы Қайрат Боранбаев Нұрсұлтан Құрман подкастында айтты.
- Рафаэль Уразбахтин ешқайда кетпейді. Қызметін жалағстырады. Чемпиондар лигасының алдағы ойындарына команданы дайындап жатыр, - деді Қайрат Боранбаев.
Рафаэль Уразбахтин 1978 жылы дүниеге келген. 1996-2013 жылдар аралығында қазақстандық клубтарда доп тепті.
2019 жылдан бері Қазақстан 19 жасқа дейінгі жастар құрамасы, қарағандылық «Шахтер» командасында бапкерлер құрамында болды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас