02.11.2025
Қайрат Боранбаев: «Қайрат» үш легионермен келісімшартқа отырады
«Қайрат» клубының бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев Nursultan Qurman арнасына берген сұхбатында ел чемпионы алдағы маусымға үш жаңа шетелдік ойыншы шақырмақ екенін айтты.
— Команда қазірдің өзінде трансфер бағытында жұмыс істеп жатыр. Негізгі мақсат — құрамдағы шешуші позицияларды күшейту, — деді Боранбаев.
Клуб басшылығы жаңа маусымда жоғары нәтиже көрсету үшін құрамды жаңартуға және сапалы легионерлермен толықтыруға ниетті.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас