Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Футболға болжам үшін iPad A16 ал. Өту
Olimpbet Видеореп

02.11.2025

Дидар Сыдықбек «Атыраудан» кетуіне не мәжбүрлегенін айтты

Дидар Сыдықбек «Атыраудан» кетуіне не мәжбүрлегенін айтты

Фото: «Атырау» футбол клубы

Белгілі спорт маманы Дидар Сыдықбек «Атырау» командасы бас менеджері қызметінен кетуі жөнінде қауесет әңгімелерге нүкте қойды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ол биыл атыраулық клубта қызмет атқарды. Турнир кестесінде көш соңында тұрған команданың Премьер-лигадағы орнын сақтап қалуға көмектесті. Команда құрамына жаңадан ойыншылар шақыртып, олардың нәтижеге қол жеткізуіне мүмкіндік жасады.

- Мен «Атыраудан» отбасылық жағдайыма байланысты кеттім. Басқа себеп жоқ, - деді ол.

Алматы қаласының тумасы футболшы ретінде «Қызылжар», «Астана-1964», «Ақтөбе» және «Ордабасы» клубтарының намысын қорғады. Мансабын аяқтаған соң бірқатар салада қызмет атқарды.

Футболдағы басшылық қызметін SD Family Group директоры ретінде бастап, Қазақстан Медиа-футбол федерациясының президенті деңгейіне дейін көтерілді

Сондай-ақ Қазақстан футбол федерациясы жүргізген «Алаң» инфрақұрылымдық жобасының кеңесшісі ретінде еңбек етті.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас