8 сағат бұрын
«Интер» - «Қайрат» ойынына кім төрелік жасайды?
Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің 4-туры аясында өтетін «Интер» - «Қайрат» ойынына төреші тағайындалды, деп хабарлайды Sport12.kz
UEFA сайтының ресми мәліметіне сәйкес, бас төреші қызметі Португалия маманы Луиш Годиньюға сенім артылады. Оған қапталда Руй Тейшейра мен Педро Алмейда көмектеседі. Антониу Нобре төртінші төреші болса, VAR қызметі Андре Нарсизуға және оның көмекшісі Тьягу Мартиншке сеніп тапсырылды.
39 жастағы Луиш Годинью биылғы маусымда Еуропа лигасының жалпы кезеңінде «Фрайбург» - «Базель» және Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде «Шелбурн» - «Линфилд» ойынында бас төреші болған.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов