03.11.2025
«Ақтөбе» клубы легионерімен қоштасты
«Ақтөбе» клубы алғашқы легионерімен ресми қоштасты, деп хабарлайды Sport12.kz
«Рақмет, Немо!
«Ақтөбе» ФК сербиялық орталық қорғаушы Неманья Анджелковичпен қош айтысты. Айта кетейік, екі тарап өзара келіссөздер нәтижесінде, келісімшарт мерзімін тоқтататын болды.
Неманьяға «ақ-қызылдар» сапында өткізген ойындары үшін алғыс білдіреміз. Өз ойынымен, жанкештігімен жанкүйерлер оны жақсы жағынан есте сақтайтынына сенімдіміз. Ойыншының алдағы мансабы бұдан да сәтті әрі жарқын болатынына сенім білдіреміз!», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, сербиялық легионер биылғы жылдың қаңтар айында Ресейдің «Химки» клубынан «Ақтөбеге» ауысқан болатын. Өткен маусымда ол ҚПЛ аясында 23 матчқа қатысып, бір гол соғып және бір нәтижелі пас берген.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов