03.11.2025
ҚХЛ: «Барыс» қатарынан төртінші мәрте жеңілді
Фото: «Барыс» хоккей клубы
Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 3 қарашада Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу барысында ресейлік командадан Никита Хоружев 23-минутта есеп ашса, Андрей Белозёров 25-минутта басымдықты арттырды.
Ал «Барыс» сапынан Кирилл Панюков 26-минутта есеп айырмасын қысқартса, Андрей Белозёров 27-минутта тағы бір мәрте көзге түсті.
Ойынның 33-минутта елордалық клубтан Дінмұхамед Қайыржан мергендік танытса, одан кейін «Нефтехимик» Иван Николишин 47-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Кездесу нүктесін 51-минутта хет-триктің авторы атанған Андрей Белозёров қойды.
Осылайша «Барыс» қарсыласына 2:5 есебімен есе жіберді. Бұл елордалық клубтың қатарынан төртінші жеңіліс.
Қазақстандық клуб бұдан кейін төрт ойынын елордада өткізеді. Алдымен 5 қарашада Ресейдің «Салават Юлаев» (Уфа) командасымен ойнаса, 7 қарашада «Автомобилист» (Екатеринбург), 9 қарашада «Металлург» (Магнитогорск) клубтарымен шеберлік байқасады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас