03.11.2025
Мақсат Байжанов «Қайсардағы» қызметін сақтап қала ма?
Фото: Prosports.kz
«Қайсар» командасының спорттық директоры Мақсат Байжанов қызметінен етуі мүмкін, дер хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде сенімді дерек көзінен белгілі болып отыр. Команданы жекеге алған иесі өзінің командасымен келуі мүмкін деген ақпарат тарап жатыр.
Соған байланысты командада биыл негізгі құрамда ойнаған бірқатар футболшылар кетуі мүмкін. Олардың қатарында Темірлан Мұрзағалиев, Қуаныш Қалмұратов, Әділет Кеңесбек секілді футболшылар бар.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас