Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Футболға болжам үшін iPad A16 ал. Өту
Olimpbet Видеореп

03.11.2025

Дидар Сыдықбектің «Таразда» қызметке кімді шақыратыны белгілі болды 

Дидар Сыдықбектің «Таразда»  қызметке кімді шақыратыны белгілі болды 

Фото: «Атырау» футбол клубы

Белгілі спорт маманы Дидар Сыдықбек «Тараз» клубына басшылыққа тағайындалса, алдымен кімді қызметке шақыратынын айтты, деп хабарлайды Sport12.kz.

Биыл «Атырау» командасын Премьер-лигадан түсіп қалудан аман алып қалған Дидар Сыдықбек енді тараздық клубтың тізгінін ұстайтыны айтылып жатыр. Өзі де бұл әңгімені теріске шығарған жоқ. 

Ол жаңа қызметке келгенде көпшілік арасында «Дядя Ваня» деген лақап атпен белгілі Иван Михайлович Ильницкийді қызметке шақыратыны жөнінде мәлімдеді. Аталған маман аудандарды аралап, біраз ойыншыны өзі тауып алған. Кейін дайындап, мықты фуболшылар шығарды. Олардың қатарында Бауыржан Исламхан, Ұлан Қонысбаев, Бақтияр Зайнутдинов, Мұхаммеджан Сейсен, Ғалымжан Кенжебек, Дінмұхаммед Қараман, Дәурен Жұмат, Артур Шушеначев және Арсен Әшірбек бар.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас