7 күн бұрын
«Қайрат» клубының көшбасшысы «Интерге» қарсы ойынға қатыспайды
«Қайрат» командасының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин команда орталық қорғаушысы Александр Мартыновичтің жарақатына байланысты УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі «Интерге» қарсы матчты өткізіп алатынын хабарлады, деп жазады Sport12.kz
«Интермен» ойын алдында қақпашыларымыз бен барлық ойыншыларымыздың жағдайы жақсы. Тек Александр Мартынович ғана соңғы чемпионаттағы ойында аздаған жарақат алып қалды», — деді Уразбахтин.
«Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үш турдан кейін бір ұпай жинап, турнир кестесінде 34-орында тұр. Кездесу қарашаның бесі, сәрсенбі күні «Сан-Сиро» стадионында өтеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов