7 күн бұрын
«Интер» командасының бас бапкері: бізді оңай ойын күтіп тұрған жоқ
Миланның «Интер» командасының бас бапкері Кристиан Киву Чемпиондар лигасында алматылық «Қайратқа» қарсы ойынның алдында өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Sports.kz.
«Бізді оңай ойын күтіп тұрған жоқ, мен өзгелердің пікіріне құлақ аспаймын. Мұндай турнирлерде жеңу ешқашан оңай емес. Біз төрт іріктеу кезеңінен өткен командамен кездесіп жатқанымызды түсінуіміз керек. Қарсыластар мықты және біз олардың ешқайсысына құрметсіздік танытпаймыз», - деді ойын алдындағы баспасөз мәслихатында румын маманы
Кездесу сәрсенбіден бейсенбіге ауған түні Астана уақытымен 01:00-де «Сан-Сиро» стадионында басталады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов