6 күн бұрын
Неманья Анджелкович «Ақтөбемен» қош айтысты
Фото: «Ақтөбе» футбол клубы
«Ақтөбе» футбол клубы сербиялық орталық қорғаушы Неманья Анджелковичпен қош айтысты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Айта кетейік, екі тарап өзара келіссөздер нәтижесінде, келісімшарт мерзімін тоқтататын болды.
- Неманьяға «ақ-қызылдар» сапында өткізген ойындары үшін алғыс білдіреміз. Өз ойынымен, жанкештігімен жанкүйерлер оны жақсы жағынан есте сақтайтынына сенімдіміз. Ойыншының алдағы мансабы бұдан да сәтті әрі жарқын болатынына сенім білдіреміз, - деп жазылған хабарламада.
Неманья Анджелкович 1997 жылы дүниеге келген. Қазірге дейін 2015 жылдан бастап сербиялық, әзербайжандық және ресейлік клубтарда ойын көрсетті.
«Ақтөбе» құрамына биылғы жылы қосылды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас