6 күн бұрын
Әлем чемпионаты: Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
Фото: ҚФФ
Швейцарияның Ньон қаласында 2027 жылғы әйелдер арасындағы футболдан Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан әйелдер құрамасы «C» лигасының 6-тобында ойнайды. Біздің команда бұл кезеңде Беларусь және Армения құрамаларымен кездеседі.
Әлем чемпионатының іріктеу ойындары 2026 жылдың ақпан айында басталады. УЕФА бекіткен күнтізбеге сәйкес матчтар келесі аралықтарда өтеді:
1-2 турлар: 24 ақпан - 7 наурыз 2026 жыл;
3-4 турлар: 7 - 18 сәуір 2026 жыл;
5-6 турлар: 1 - 9 маусым 2026 жыл.
Ойындардың нақты кестесі кейінірек жарияланады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас