5 күн бұрын
Виталий Жуковский «Атыраудан» тағы да кетуі мүмкін
Фото: «Тұран» футбол командасы
«Атырау» командасының бас бапкері Виталий Жуковский Павлодардың «Ертіс» клубының тізгінін ұстауы мүмкін, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазір беларусьтік маманның атыраулық клубпен келісімшарт мерзімі біткен жоқ. Соған қарамастан ол павлодарлық команданың бас бапкеру болуы мүмкін екені айтылуда.
Беларусьтік маман жыл басында Түркістанның «Тұран» командасының бас бапкері болған еді. Дегенмен маусым ортасында ол «Атырауға» қайта оралды.
В. Жуковский 1984 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын 2010 жылы беларустік «Ислочь» командасының бас бапкері болып бастады.
2015 жылы аталған ұжым Белорус бірінші лигасының жеңімпазы болды. 2020 жылы сол елдегі БАТЭ клубының тізгінін ұстап, чемпионаттың күміс медалі мен кубок иегері атанды.
2022 жылдан қазақстандық «Атырау» клубының тізгінін ұстап, былтыр команда Қазақстан кубогының финалына жетті. Ел біріншілігінде жетінші орынға тұрақтады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас