3 күн бұрын
Чемпиондар лигасы: «Қайрат» бірінші кезеңнен кейін «Интерден» жеңіліп жатыр
Фото: «Қайрат» футбол клубы
Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы төртінші турындағы қазақстандық «Қайрат» пен Италияның «Интер» командалары арасындағы кездесудің бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Алғашқы минуттан италиялық команда тізгінді өз қолында ұстауға тырысты. Темірлан Анарбеков қорғаған «Қайрат» қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Десе де олар кейбір сәтте көздеген нысанадан мүлт кетсе, енді бірінде қазақстандық қақпашы сыр берген жоқ.
Ойын барысында негізінен италиялық команда шабуыл жасады. Арасында алматылық клуб ойыншылары қарсы шабуылға шықты. Олардың қатарынан Дастан Сәтпаевтың белсенділігі байқалып тұрды.
Ойынның 44-минутында «Интер» сапынан аргентиналық шабуылшы Лаутаро Мартинес гол соғып кетті.
Осылайша бірінші кезеңнен кейін алматылық клуб қарсыласынан 0:1 есебімен жеңіліп жатыр.
Қазірге дейін «Интер» аталған турнирде үш ойында бірде-бір ұпайдан шашу шығарған жоқ. Алдымен Нидерландтың «Аяксын» 2:0 есебімен жеңсе, одан кейін Чехияның «Славиясын» 3:0, Бельгияның «Юнион Сен-Жилуазын» 4:0 есебімен тізе бүктірді.
Ал «Қайрат» Португалияның «Спортингіне» 1:4, Испанияның «Реал Мадридіне» 0:5 есебімен жол берсе, Кипрдің «Пафосымен» 0:0 есебімен тең түсті.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас