Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Футболға болжам үшін iPad A16 ал. Өту
Фрибет 10 000₸. Құр қалма! Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

«Қайрат» «Интермен» кездесуде сенсация жасауға жақын болды

«Қайрат» «Интермен» кездесуде сенсация жасауға жақын болды

Фото: «Қайрат» футбол клубы

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің төртінші турында қазақстандық «Қайрат» Италияның «Интер» командасына есе жіберді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ойынның 44-минутында «Интер» сапынан аргентиналық шабуылшы Лаутаро Мартинес мергендік танытты. Алматылық клуб сапынан 56-минутта Офри Арад бұрыштамадан әуелей көтерілген допты баспен Ян Зоммер қорғаған «Интер» қақпасына соғып кетті. Дегенмен 67-минутта италиялық клубтан Карлос Аугустоның алыстан тепкен добына Темірлан Анарбеков тосқауыл қоя алған жоқ. 

Осылайша «Қайрат» қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберді.

Қазірге дейін италиялық клуб аталған тунирдегі үш ойында бірде-бір мәрте өз қақпасына гол жібермеген еді. Алдымен Нидерландтың «Аяксын» 2:0 есебімен жеңсе, одан кейін Чехияның «Славиясын» 3:0, Бельгияның «Юнион Сен-Жилуазын» 4:0 есебімен тізе бүктірді.

Ал «Қайрат» Португалияның «Спортингіне» 1:4, Испанияның «Реал Мадридіне» 0:5 есебімен жол берсе, Кипрдің «Пафосымен» 0:0 есебімен тең түсті.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас