5 сағат бұрын
«Интер» — «Қайрат» матчының барлық голдарының видеосы
Милан қаласында өткен матчта қазақстандық клуб 1:2 есебімен жеңіліп қалды. «Интер» сапынан Лаутаро Мартинес (45-минутта) пен Карлос Аугусто (67-минутта) гол соқты, ал «Қайраттың» жалғыз голын 55-минутта Офри Арад енгізді. «Қайрат» — «Интер» кездесуіндегі барлық голдардың видеосын төменнен көруге болады.
Төрт турдан кейін қазақстандық клуб турнир кестесінде 34-орында тұр. Барлығы бұл кезеңде 36 команда бақ сынауда, ал «Қайраттан» төменде әзірге бірде-бір ұпай жинамаған «Бенфика» мен «Аякс» орналасқан.
Чемпиондар лигасындағы келесі кездесуін «Қайрат» 26 қараша күні сырт алаңда «Копенгагенге» қарсы өткізеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас