7 күн бұрын
Дастан Сәтпаевтың трансферлік құны артты
«Қайрат» шабуылшысы Дастан Сәтпаев тағы да Қазақстан чемпионатының ғана емес, барлық отандастарының ішіндегі ең қымбат ойыншы атанды, деп хабарлайды Sport12.kz
Оның нарықтық құны 1,2 миллион еуроға өсіп, қазір €3 миллионды құрайды.
Осылайша, 2026 жылдың тамызында лондондық «Челсидің» толыққанды ойыншысы атанатын «Қайраттың» 17 жастағы таланты Ресей чемпионатының үш өкілін — Бактиёр Зайнутдиновті (€2,8 млн), Нұралы Әліпті (€2,5 млн) және Максим Самородовты (€2,5 млн) артта қалдырды.
Қазақстан Премьер-лигасындағы ең қымбат ойыншылар тізімінде екінші орынды «Қайрат» футболшысы Валерий Громыко (+0,3 млн еуро) мен «Астана» ойыншысы Назми Грипши (+0,65 млн еуро) бөлісті. Олардың әрқайсысының бағасы €1,5 миллионға тең.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов