Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Футболға болжам үшін iPad A16 ал. Өту
Olimpbet Видеореп

5 күн бұрын

Данияр Үсенов «Тобылға» қайта оралады

Данияр Үсенов «Тобылға» қайта оралады

Фото: «Жетысу» футбол клубы

Данияр Үсенов жалға алу мерзімінің аяқталуына байланысты «Ақтөбеден» «Тобылға» қайта оралады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ақтөбелік клуб сапында жартылай қорғаушы 20 ойынға қатысты. Нәтижесінде бір мәрте мергендік танытып, үш мәрте нәтижелі пас шығарып берді.

Данияр Үсенов 2001 жылы Ақтау қаласында дүниеге келген. Алматылық «Қайрат» командасының түлегі 2018-2024 жылдары сол клуб сапында ойын көрсетті. Сондай-ақ кейбір кезеңде «Каспий»,«Жетісу» клубтарында жалға берілді. 

2025 жылы қостанайлық «Тобыл» командасымен келісімшартқа қол қойып, оған қоса «Ақтөбе» сапында ойнап қайтты.

Жартылай қорғаушының «Тобылмен» келісімшарты тағы бір жылға жарамды болып отыр.   



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас