4 күн бұрын
Андрей Карпович 2025 жылғы үздік бапкер болды
Фото: fc_elimai
Андрей Карпович Transfermarkt нұсқасы бойынша маусымның үздік бапкері атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Биылғы маусымда «Елімай» тұрақты ойын өрнегін көрсетіп, маусым барысында «Қайратты» екі рет өз алаңында да, сырт алаңда да жеңе алған жалғыз команда болды.
Осылайша Андрей Карпович семейлік ұжымды УЕФА Конференция лигасына жетелеген бапкер ретінде тарихи қадам жасады.
Андрей Карпович 1981 жылы дүниеге келген. «Елімай» футбол клубының түлегі. Ол 1998-2000 жылдары семейлік клубтың намысын қорғап, ел чемпионы атанды. 2023 жылдан бері семейлік клубтың бас бапкері болып келеді.
Андрей Карпович футболшылық мансабында 1998-2016 жылдар аралығында еліміздің бірқатар клубы мен Ресейдің «Ростов», «Динамо» командаларының жейдесін киді.
Одан бұрын ол «Қайратта» бас бапкердің міндетін атқарушы, «Оқжетпес», «Қызылжар», «Ақтөбе» клубтарында бас бапкер қызметтерін атқарды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас