4 күн бұрын
Футболдан Бельгия құрамасы Қазақстанға қарсы құрамын жариялады
Фото: ҚФФ
Футболдан Бельгия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі Қазақстанға қарсы құрамын жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл ойын 15 қарашада Астана қаласындағы «Астана-арена» стадионында өткізіледі.
Қақпашылар: Тибо Куртуа («Реал Мадрид»), Майк Пендерс («Страсбур»), Матц Селс («Ноттингем Форест»), Маартен Вандевоордт («РБ Лейпциг»);
Қорғаушылар: Тимоти Кастань («Фулхэм»), Зено Дебаст («Спортинг»), Максим Де Кейпер («Брайтон»), Кони Де Винтер («Дженоа»), Брэндон Мехеле («Брюгге»), Тома Менье («Лилль»), Йоакин Сейс («Брюгге»), Артюр Теате («Айнтрахт»);
Жартылай қорғаушылар: Кевин Де Брёйне («Наполи»), Николас Раскин («Рейнджерс»), Юри Тилеманс («Астон Вилла»), Ханс Ванакен («Брюгге»), Шарль Ванхаутте («Юнион»);
Шабуылшылар: Миши Батшуайи («Айнтрахт»), Шарль Де Кетеларе («Аталанта»), Жереми Докю («Манчестер Сити»), Малик Фофана («Олимпик Лион»), Диегу Морейра («Страсбур»), Лоис Опенда («РБ Лейпциг»), Алексис Салемакерс («Милан»), Леандро Троссар («Арсенал»).
Әділжан Үмбет.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас