3 күн бұрын
Софья Самоделкина - Жапониядағы Гран-при турнирінің күміс жүлдегері
Фото: ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Мәнерлеп сырғанаудан Ұлттық құрама спортшысы Софья Самоделкина Гран-при турнирінде (NHK Trophy-2025) күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бүгін Жапонияның Осака қаласында өтіп жатқан жарыста отандасымыз еркін бағдарламадағы өнері үшін 132.25 ұпай алды. Кешегі қысқа бағдарламаны қосқанда барлығы 200.00 балл. Бұл Самоделкинаның биылғы маусымдағы (2025-26 жыл) Гран-при турниріндегі алғашқы жүлдесі.
Әйелдер арасында бас жүлдені жарыс қожайыны, 3 дүркін әлем чемпионы, Бейжің Олимпиадасының қола (жекелей) және күміс (командалық) жүлдегері Каори Сакамото (Жапония) алды. Оның еншісінде 227.18 ұпай бар.
Үздік үштікті Бельгия өкілі түйіндеді (198.97 балл).
Гран-при турнирінде 1-орын алған спортшыға 15, 2-орынға 13, 3-орынға 11 балл беріледі. Бұл ұпайлар кейін 6 жарыстан кейін Гранд финалға жолдама алған үздіктерді анықтауға көмектеседі.
Жапониядағы турнирге 17 мемлекеттен 60 спортшы жиналды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас