Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Футболға болжам үшін iPad A16 ал. Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

 Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

 Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

Фото: Қазақстан ҰОК

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінде жеңіске жетіп, тарихқа енді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен WTA қорытынды турнирінің финалында жеңіске жетті.

Қазақстандық спортшы финалда Беларусь өкілі Арина Соболенканы екі сетте де тізе бүктірді.

Шешуші кездесу 6:3, 7:6 есебімен аяқталды.

Осылайша, Рыбакина әйелдер арасындағы жекелей сында WTA қорытынды турнирін жеңіп алған алғашқы қазақстандық теннисші атанды.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас