Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Футболға болжам үшін iPad A16 ал. Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

«Ақтөбе» украиналық қорғаушыға қызығушылық білдірді

«Ақтөбе» украиналық қорғаушыға қызығушылық білдірді

Фото: sport.ua

«Ақтөбе» футбол клубы украиналық қорғаушы Иван Ордецке қызығушылық білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Биыл мамыр айында 33-жастағы футболшы Бундеслигадан түсіп қалған немістің «Бохум» командасы құрамынан кетті. Ордецтің ақтөбелік клубқа келу мүмкіндігі аса жоғары емес. Оған еуропалық бірқатар клубтардан ұсыныс бар. 

Украиналық «Шахтер» (Донецк) клубының түлегі 2019 жылға дейін өз командасында ойын көрсетті. Одан кейін Ресейдің «Динамо» (Мәскеу) клубына ауысты.  

БАҚ-на берген сұхбатында ол англиялық «Брайтон» және «Ньюкасл», ресейлік «Краснодар» мен «Локомотив» клубтарынан ұсыныс бар. Ол Украина құрамасы сапында 12 кездесуде бір гол соғып үлгерді.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас