1 күн бұрын
Айбол Әбікен жаңа клуб іздестіруді бастап кетті
Фото: «Қайсар» футбол клубы
Алматылық «Қайрат» командасының түлегі Айбол Әбікен Қызылорданың «Қайсар» құрамынан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде спорт журналисі Эльдар Аманбаев өзінің әлеуметтік парақшасында жазды.
Оның айтуынша, жартылай қорғаушыға қызылордалық клуб ешқандай ұсыныс жасамаған. Ол биыл ҚПЛ-да 25 ойында жасыл алаңға шықты. Қазірге дейін ол «Қайрат», «Ақсу», «Ордабасы» клубтарында доп тепкен.
Оның агенттері жаңа клубты іздестіруді бастап кетті.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас