Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Футболға болжам үшін iPad A16 ал. Өту
Olimpbet Видеореп

19 сағат бұрын

«Ливерпуль» сегізінші орынға сырғып кетті

«Ливерпуль» сегізінші орынға сырғып кетті

Англия Премьер-лигасы 11-турында «Манчестер Сити» өз алаңында «Ливерпульді» ойсырата жеңді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ливерпульдік команда биылғы маусымда сәтсіз ойнап келеді. Қазірге дейін қатарынан төрт мәрте жеңіліп, соңғы турда ғана үш ұпай олжалаған еді. Дегенмен бұл жолы сәттілік серік болған жоқ. Пеп Гвардиола шәкірттері қарсылас қақпасына жауапсыз үш соқты. Олардың қатарынан Эрлинг Холанд 29-минутта есеп ашса, одан кейін Нико Гонсалес 45, Жереми Доку 63-минутта мергендік танытты. 

Ойынның 38-минутында «Ливерпуль» сапынан Вирджил ван Дейк баспен гол соққан еді. Төреші оны офсайдтан соғылды деп есептеді. Сондықтан бұл гол есепке алынған жоқ. 

Бұл жеңістен кейін «Манчестер Сити» 22 ұпаймен екінші орынға көтерілсе, «Ливерпуль» 18 ұпаймен сегізінші орынға сырғып кетті.

Енді «Манчестер Сити» 22 қарашада сырт алаңда «Ньюкасл Юнайтедпен» кездессе, сол күні «Ливерпуль» «Ноттингем Форестті» қабылдайды. 





Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас