13 сағат бұрын
Бельгия құрамасының тағы бір жұлдызды футболшысы Қазақстанға келмейді
Бельгия құрамасының және «Реал Мадридтың» қақпашысы Тибо Куртуа Қазақстанға қарсы матчқа қатыспайды, деп хабарлайды Sport12.kz .
«Реалдың» тағы бір маңызды ойыншысы, қақпашы Куртуа жарақат алған. Ресми клубтық мәлімдеме әлі жарияланбағанымен, испандық Madrid Universal-дың айтуынша, бельгиялық қақпашы халықаралық ойындарға арналған алдағы үзіліс кезінде құраманың матчтарына қатыспайды.
Куртуа кеше «Райо Вальеканоға» қарсы ойыннан кейін оң жамбасынан ыңғайсыздық сезінген. Бүгін ол медициналық тексеруден өту үшін Валдебебасқа келді және тексеру нәтижесі жарақаттың расталуын көрсетеді деп күтілуде.
Нәтижесінде, Куртуа Бельгия құрамасының Қазақстанға қарсы (15 қараша) және Лихтенштейнге қарсы (18 қараша) іріктеу матчтарына қатыспайды.
Айта кетейік, Қазақстанға қарсы матчқа Бельгия құрамасының тағы екі басты жұлдызы - Кевин Де Брюйне мен Ромелу Лукаку да келмейді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов