13 сағат бұрын
Темірлан Анарбековтың қолғабы 12 миллион теңгеге бағаланды
Фото: «Қайрат» футбол клубы
«Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбековтың қолғабы 12 миллион теңгеге бағаланды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл допқа қақпашының қолы қойылған. Аукционда ол қолғап 12 миллион теңгеге бағаланды. Түскен ақшаға «Асар-Уме» қайырымдылық қоры бір отбасыға баспана сыйға берілді.
Темірлан Атырауда 2003 жылы дүниеге келіп, алғашқы футбол қадамын туған клубында жасады. 2017 жылғы қарашадан бастап ол «Қайрат» академиясының тәрбиеленушісі атанды.
2020 жылы небәрі 17 жасында ол Премьер-лигадағы алғашқы ойынын «Таразға» қарсы өткізді (0:1). Ал 2024 жылы астаналық «Жеңісте» жалға ойнап, командамен бірге Лига кубогының финалына дейін жетті.
Биыл Темірлан «Қайрат» сапында Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі «Селтикке» қарсы матчта (0:0) пенальти сериясында үш соққыны қайтарып, «Қайратты» алғаш рет Еуропаның элиталық кезеңіне алып шықты.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас