Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Футболға болжам үшін iPad A16 ал. Өту
Olimpbet Видеореп

10 сағат бұрын

«Данди Юнайтед» Ғалымжан Кенжебекке ұсыныс білдірді 

«Данди Юнайтед» Ғалымжан Кенжебекке ұсыныс білдірді 

Фото: ҚФФ

«Елімай» командасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек қысқы трансферлік кезеңде Шотландияның «Данди Юнайтед» клубының қатарын толықтыруы мүмкін, деп хабарлайды Sport12.kz.

The Courier мәліметіне сүйенсек, қазір шотландиялық клуб футболшыға ұсыныс жасаған. Әзірге Ғалымжанның қандай шешім қабылдайтыны белгісіз. 

 «Данди Юнайтед» Шотландия чемпионатында жетінші орында келеді. 

Ғалымжан Кенжебек 2003 жылы 12 ақпанда Тараз қаласында дүниеге келген. Қазірге дейін «Қайрат», «Мақтарал», «Жеңіс», Кипрдің «Акритас», Словенияның «Кощице» клубтарында доп тепті. 

2025 жылдың жазғы маусымында Семейдің «Елімайына» ауысты.

Еліміздің ұлттық құрамасы сапында 2024 жылдан бері үшінші голын соқты.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас