4 сағат бұрын
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Ирландияны жеңді
Жасөспірімдер құрамасының (U-19) Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі ойыны нағыз сенсациямен аяқталды. Қазақстан құрамасы мықты деп саналатын Ирландияны 1:0 есебімен тізе бүктірді.
Кездесудің шешуші сәті 56-минутта орын алды — капитан Азамат Туяқбаев қарсылас қақпасына жеңіс голын соғып, матчтың қаһарманына айналды. Қорғаныста берік ойнаған қазақстандықтар соңғы минуттарда ойыншысының аздығына қарамастан (90-минутта Карим Махаметжан қызыл қағаз алды) есепті сақтап қалды.
Құрам:
Шерхан Калмурза (қақпашы), Данияр Ташпұлатов, Амирбек Базарбаев, Абзал Сағын, Акежан Қалиқұлов, Мұхамедәлі Әбіш, Әли Ақылбаев, Евгений Петрик, Исмаил Бекболат, Азамат Туяқбаев (капитан), Мансұр Бірқұрманов.
Бұл жеңіс – жас қырандар үшін үлкен серпіліс. Алда тағы екі маңызды кездесу бар:
15 қараша – Нидерланд құрамасына қарсы
18 қараша – Кипр құрамасына қарсы
Қазақстандық жасөспірімдер осылай жалғастыра алса, Еуро-2026 турнирінің келесі кезеңіне өтуге нақты мүмкіндік бар.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас